Армия жаңа әскери техникамен жабдықталады
Президенттің Жолдауын іске асыру аясында қорғаныс саласындағы кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға басымдық беріліп жатыр.
Бүгінде мемлекеттік тапсырыстың жартысына жуығы отандық өнеркәсіп кешендеріне берілген. Нәтижесінде армия жаңа қару-жарақ пен әскери техникамен жабдықталады. Құрлық әскерлері, әуе-қорғаныс күштері мен әскери теңіз күштерінің қажеттілігін өтеу – басты назарда.
Сондай-ақ техникаларды күрделі жөндеуден өткізу, жаңғыртуға көңіл бөлінді. Жыл соңына дейін 60-тан астам брондалған техника, ондаған ұшқышсыз аппарат, жүк көтергіш алып, А-400 ұшағы мен өзге де жаңа қару-жарақ алынады.
Ербол Бегелдаев, ҚР Қорғаныс министрлігі департамент бастығының орынбасары:
- Бүгінгі таңда Қарулы Күштерді 2030 жылға дейін жаңа, күрделі жөнделген және жаңартылған қару-жарақтар жәна жарақтандыру жоспарына сәйкес, кешенді түрде әскери техникалар сатып алынады. Осы уақытта Қорғаныс министрлігі 6 басымдық бағыт бойынша техникалар сатып алынады.