Хабар телеарнасы

Жыл басынан бері Конституциялық Сотқа азаматтардан екі мыңнан астам өтініш келді

Биыл жыл басынан бері еліміздің Конституциялық сотына 2 мыңнан астам азамат шағымданып, 39 оң шешім шықты. Оның 7-інде Үкімет мен уәкілетті органға ұсыным жолданды. Өткен жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастаған жаңа құрылым былтырдың өзінде 558 құқықтық норманы тексеріп, азаматтарды қорғау үшін 29 нормативтік құқықтық актіге өзгеріс енгізуге кеңес берді. Сондай-ақ Конституциялық сот - қылмыстық іс жүргізу, салық кодексі мен бірақатар заңның жекелеген нормаларын қайта қарауды талап етті. Уәкілетті органдар мен Үкімет ол ұсыныстардың 16% астамын орындаған.