Хабар телеарнасы

Елордада жұмыс берушілер съезі өтті

Елімізде еңбек дауын болдырмау үшін не қажет? Бұл туралы жұмыс берушілер съезінде жан-жақты айтылды. Онда бизнес пен еңбеккер арасындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Форумға халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильгер Унгбо және елімізге танымал ірі кәсіпорындардың басшылары қатысты. Мамандар: «Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынасын реттейтін жаңа тәртіп қажет», - дейді. Биылдан бастап ірі компаниялардың жетекші мамандарын әлемдік тәжірибеге сай оқыту қолға алынды. Негізінен қауіпсіздік техникасын жіті сақтаудың әдіс-тәсілдері үйретіледі. Бұл өндіріс орындарын жаңа деңгейге жеткізуге септігін тигізбек.

Жұмабек Жанықұлов, ҚР Жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы президиумының төрағасы:

- Бизнеспен бірге жұмысшы өсу керек болмаса, жұмысшымен бірге бизнес өсу керек. Тек тарапты болмайды, бұл бірінші мәселе. Екіншісі бізде Қазақстанда бизнесмендердің көпшілігі әлеуметтік пакет дейді ғой, соны жасап та жатыр. Барлығы жүйелі түрде шешілу үшін бізде заңнамада бизнесті қорғайтын кейбір заңдар керек.