Түркі мемлекеттері ұйымының аясында әділет министрлері бас қосты
Түркі елдері тек әлеуметтік-экономикалық байланыста ғана емес, құқықтық сала бойынша да әріптестік орнатады. Бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының аясында Әділет министрлерінің Кеңесі өтті. Іс-шара министрлер деңгейінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсат – өзара тәжірибе алмасу, ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту. Бұл тұста Қазақстанның мақтан тұтар жетістіктері көп. Себебі бізде Әділет органдары көрсететін 53 қызметтің барлығын бірдей халық онлайн ала алады. Дегенмен өзге елдерден үйренеріміз бар.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
-Мәселен, мына Түркия елімен уағдаластыққа жетіп жатырмыз. Виртуалды аутопсия деген бар. Бізде сот-медициналық сараптама органдарында, мысалы, дүниеден өткен кісілердің денесін ашпай, виртуалды түрде қарап, соны онлайн түрде цифрландыру арқылы көруге болады.