АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Ұлытау облысына барды
АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб өкілдері бүгін Ұлытау облысына барды. Тұрғындармен кездесіп, 6 қазанда болатын жалпыхалықтық референдумның маңызы туралы айтты. Өндіріс орындарын аралап, қарапайым еңбек адамдарының өтініш-пікірлерін тыңдады. Ұлттық ядролық орталық мамандары тұрғындардың экологиялық қауіпсіздікке қатысты сұрақтарына жауап берді. «Халық арасында атом энергетикасы туралы ақпараттық жұмыстарды әлі де күшейту қажет. Себебі оның жұмыс істеу принципін толық білмейтін тұрғындар да бар»,— дейді штаб мүшесі Мақсат Толықбай.
Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, республикалық Халықтық штаб мүшесі:
-Кейбір жерлерде, расын айту керек, кішкене ақпарат жетіспей жатыр. Радиация туралы сұрап жатқандар бар. Осындай бір елді алаңдатқан сұрақтар бар. Оның бәріне мамандар жауап беріп жатыр. Енді бізде салынатын болса, 15 жылдың ішінде біз өзіміздің мамандарды тәрбиелейміз.