Түркістандағы заңсыз жаяу жүргіншілер өткелі жабылады
7 айдан бері жыр болған жаяу жүргіншілер өткелі жабылатын болды. Түркістан қаласының іргесіндегі Қазақстанның 30 жылдығы елді мекенінің тұрғындары ауылдың ішімен өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолының жаяу жүргіншілерге арналған қосымша бөлігін жабуды талап етті. Себебі ауыл ішінде бір аспалы көпір 4 жаяу жүргіншілер жолы болғанымен, жол белгісі мен бағдаршам оның екеуінде ғана бар. Сондықтан тұрғындар бағдаршамы қалған екеуін жауып тастауды сұрап отыр. Мектеп пен балабақша, спорт кешені сияқты әлеуметтік нысандардың барлығы жолдың қарсы бетінде орналасқан, балалардың өміріне қауіп төндіреді», - дейді ауыл тұрғындары.
Пазылақ Сапаров, ауыл тұрғыны:
- Міне, көріп тұрсыздар. Бұл жерде шығатын баспалдағы жоқ. Қарт апа, көкелеріміз, жүкті келіндеріміз бар өте алмайды. Бағдаршамның өтетін сызығы сызылмаған. Мектебіміз жақын, бақшамыз жақын. Осы жерді қолға алып, жауып берсеңіздер.
Нұржан Қадырбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының бөлім басшысы:
- Кейін көлік көбейіп, халық саны өскен сайын адам қағып кету, жаяу жүргіншілерді қағып кету салдары көп болғандықтан, әкімшілік полиция басқармасының ұйғарымымен және халықтың өтінішімен ашық өткелдердің бәрін қоршау жұмыстары атқарылып жатыр. Толық осы аптаның аяғына дейін бітіреміз.