Хабар телеарнасы

Дэниел Понеман: Атом энергетикасымен климаттық апаттың алдын алуға болады

Ядролық энергетикаға жүгіну заман талабы. Дубайда өткен «Климаттық өзгерістер» конференциясында әлемнің 20-дан астам елі атом энергиясын пайдалану мөлшерін үш есеге арттыруды бір ауыздан қолдаған. Қуат көзін өндірудің дәстүрлі тәсілдері климатқа теріс әсер ететіндіктен, осындай стратегиялық қадамға барып отыр.

АҚШ-тың бұрынғы энергетика вице-министрі Дэниел Понеман: «Атом энергетикасының көмегімен климаттық апаттың алдын алуға болады», - дейді.

Дэниел Понеман, АҚШ-тың бұрынғы энергетика вице-министрі:

- Қазіргі кезде көмір жағудың салдарынан қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіріліп, жаһандық мәселелер туындап отыр. Ал әлем бойынша жел мен күннің энергия көздерін пайдаланып, барлық талаптарды қатаң сақтағанның өзінде қажетті қуат көзін ала алмаймыз, яғни олар ядролық энергетиканың орнын толтыра алмайды.