Хабар телеарнасы

Түркістанда «KitapTime – 2024» кітап фестивалі өтті

Түркістанда «KitapTime – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттап, жастардың рухани-интеллектуалдық деңгейін көтеруге бағытталған іс-шара барысында «Ғажайып кітап әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда соңғы жылдары жарық көрген отандық және шетелдік ақын-жазушылардың еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.

Бауыржан Ерман, ақын, журналист:

- Қазір кітапханада оқырмандар қарасы өте көп. Көптеген іс-шаралар өтіп жатады. Оның барлығы мынау еліміздің мәдениетіне, руханиятына қосылған үлкен үлес деп ойлаймын. Сонымен қатар идеологиялық тұрғыдан сәтті бастамалар деп есептеймін.