Халықтық штаб Қызылорда облысындағы еңбек ұжымдарымен кездесті
Халықтық штаб Қызылорда облысындағы ауыл тұрғындары және еңбек ұжымдарымен кездесті. Олар АЭС-тың экономикалық және экологиялық тиімділігін түсіндірді. Айтуларынша, АЭС – энергия көзін алудағы ең қауіпсіз әдіс.
Одан бөлек, ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерге тоқталды. «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев халықты алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:
- Референдумның ерекшелігі – ол партияларға, басқа қоғамдық бағаттарға бөлінбейді. Бір сұрақ бүкіл Қазақстан еліне қатысты. Ертең мыңжылдық ұрпақтарымызға қатысты мәні бар.