Облыстардың бюджетін тексеретін комиссиялар жұмысы тоқтайды
Облыстардың бюджетін тексеретін өңірлік комиссиялардың жұмысы тоқтайды. Олардың орнына Жоғары аудиторлық палатаның аумақтық департаменттері құрылады. Бұл мүдделер қақтығысын болдырмау үшін қабылданған шешім. Бұған дейін аймақтардағы тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын. «Ал бұл аудиттердің объективтілігіне әсер етуі мүмкін»,— дейді, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов. Өзгеріс 2026 жылдың 1 қаңтарынан басталады.
Әлихан Смайылов, ҚР жоғары аудиторлық палата төрағасы:
-Мемлекет басшысы мемлекеттік аудит жүйесін реформалау туралы бастамаға қолдау білдірді. Өзгерістер бұл органның тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Дегенмен мәслихаттардың рөлі сол қалпында қалады. Реформалар топтамасын іске асыру барлық институционалдық және ұйымдастырушылық мәселелерді жан-жақты пысықтауды талап етеді.