Хабар телеарнасы

Түркістанда референдумға дайындық пысықталды

АЭС-тің салыну-салынбауын референдум шешеді. Ал оған бәрі қатыса алмайды. Елімізде 12 млн-нан астам адам ғана дауыс бере алады. Олар 6 қазан күні жалпы халықтық референдумға қатысып, өз таңдауын жасайды. Мұны орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман оңтүстікке сапары кезінде айтты. Ол Түркістан облысының референдумға дайындығын пысықтап, жергілікті комиссия мүшелерімен кездесті. Жауаптылардың айтуынша, Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам сайлаушы бар. 6 қазанда өңірдегі 427 учаскеде онлайн қызметті іске қосу жоспарланып отыр.

Мұхтар Ерман, ҚР орталық референдум комиссиясының хатшысы:
-Ең басты біздің мақсатымыз – әр өңірдің тұрғындарына толық жағдай жасау. Тізімге кіргізу, ақпарат беру, сайлауға шақыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жасау. Инватаксиі бар, сурдоаударма бар, тиісті жабдықтармен толық қамтамасыз ету. Жалпы учаскелердің дайындықтары жаман емес, тиісті материалдық жабдықтармен толығымен қамтылған.