Хабар телеарнасы

Сенаторлар: Қуат көзі тапшылығын жою үшін АЭС салу қажет

Қазақстанда сағатына 2,5 млрд кВт электр энергиясы жетіспейді. «Қуат көзі тапшылығын жою үшін АЭС салу қажет»,— дейді Маңғыстау облысындағы еңбек ұжымдарымен кездескен сенаторлар. Халық қалаулылары мұнай өндіруші кәсіпорын мен коммуналдық мекеме ұжымына атом электр станциясын салу энергия өндірудің ең тиімді тәсілі екенін түсіндірді. Айтуларынша, экономикалық өсімге әсері ғана емес, экологиялық қауіпсіздігі ғылыми дәлелденген. 

Сүйіндік Алдашев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Түркия елі бірінші рет салып бастап жатыр. Қасымыздағы Өзбекстан, бауырларымыз олар да осындай шешім шығарып жатыр. Сондықтан да елдің болашағын ойлап, әрі қарай даму болашағы жолында біз Мемлекет басшысының айтқан тапсырмасымен бірігіп, халыққа сондай түсіндірме жұмыстарын жасауға келіп отырмыз.