Елімізде алдағы 6 жылда 1 млн 800 мың маман қажет
Қазақстанға алдағы 6 жылда жалпы саны 1 млн 800 мың маман қажет. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» зерттеуінше оның 1 миллионы техникалық кадрлер болса, соның ішінде 400 мыңы жұмысшы мамандығына деген сұраныс. Дені құрылыс саласының үлесінде. Орталықтың болжамынша 2024-2030 жылдар аралығында әсіресе, дәнекерлеуші, сылақшы, сантехник, құрылысшы-монтаждаушы және тракторшы сұраныста болады. «Бұған АЭС құрылысы да сеп болуы мүмкін дейді»,– сарапшылар.