Елімізде енді су тасқынын болжауға болады
Қазір Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі оның жобасын дайындап жатыр.
Үкіметте есеп берген ведомство басшысы Жаслан Мәдиевтің Қазақстандағы су тасқыны жағдайын ғарыштан мониторингтеу үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленуде. Оның бірінші кезеңі тарихи және жедел гидрометеорологиялық деректерді, гидро-бекеттердің нақты координаттарын жинаудан тұрса, келесі кезеңінде оны GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен интеграциялау жоспарланып отыр.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Үшінші кезең – болжам. Төртінші кезең – модельдеу. Ал енді мынау модельдеу нәтижелері болжамды су белгілерінің көтерілу белгісін, су басу аймағының шекараларын және су басу тереңдігін анықтау болады. Осылайша жүйені тестілік режимде іске қосу осы жылдың 1 желтоқсанына жоспарлануда.