Сенаторлар күрделі жағдайға тап болған өңірлерге көмекке барды
Өңірлердегі су тасқынына байланысты Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттардың алдында тұрған негізгі міндеттерді белгілеп берді. Қазір бірқатар сенатор күрделі жағдайға тап болған өңірлерде атқарушы органдарға қолғабыс көрсетіп жатыр. Мәслихат депутаттарымен бірге жұмысты күшейтпек. Одан бөлек, ертеңгі күн тәртібінде қаралатын заңдарға тоқталды. Бірінші, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында көші-қону болса да, ғылыми дәрежені дәлелдеусіз растау туралы. Ал екіншісі, ел Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер арасында авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім қаралмақ.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай орын алуда. Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайға қарсы тұру және оның зардаптарын жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Барлық зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіледі. Бірқатар сенатор өңірлерге барып, жергілікті жерлерде атқарушы органдарға қолғабыс көрсетіп жатыр.