Хабар телеарнасы

Сенаторлар: Елімізде 2,5 млрд кВт электр энергиясы жетіспейді

Парламент сенаты депутаттарының айтуынша, елімізде сағатына 2,5 млрд кВт электр энергиясы жетіспейді. Ал қолданыстағы энергияның 70%-і көмір электр станцияларында өндірілетіндіктен, қоршаған ортаны ластайды. Халық қалаулылары медицина мамандарымен кездесуінде АЭС тұрақты әрі экологиялық таза қуат көзі екендігін айтты. 

Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Халықаралық міндеттемелеріміз бар Қазақстанның. Осы 2060 жылға қарай көмірден бас тарту туралы. Қазір Еуроодақ осы көмір электр өнімін, электр көзін көмір арқылы пайдаланған өнімдерге салық салу туралы мәселені көтеріп жатыр. Жалпы бұл болашақтың мәселесі. Ал нағыз тұрақты, орнықты энергия ол атомдық электр стансасы.