АЭС салу мемлекеттің әлеуметтік саясатына кері әсерін тигізбейді
Атом электр станциясын салу мемлекеттің әлеуметтік саясатына кері әсерін тигізбейді. Қоғамда АЭС құрылысының қымбаттығы, оның бюджетке салмағы, тиісінше зейнетақы, шәкіртақы, әлеуметтік төлемдерге кері әсер ете ме? деген сұрақ жиі қойылып жүр. Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары бұндай пікірді «негізсіз үрей» деп бағалап теріске шығарды.
Керісінше халық референдумда атом станциясын салу қажет деп дауыс берсе, аталған мегажоба төңірегінде шағын және орта бизнес өрістеп, жаңа жұмыс орындары ашылады деп есептейді.
Дәурен Әбен, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты халықаралық қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі:
-Бұл жоба инвестордың қаржысын тартуды қамтиды. Сондықтан қандайда бір кері әсерін тигізеді деп айта алмаймын. Керісінше АЭС салу жобасы іске асырыла бастағанда бірнеше мың жұмыс орны пайда болады. Бұл еліміздегі әлеуметтік жағдайға өзінің оң әсерін тигізеді.