Маңғыстау облысында жаңа газ өңдеу зауыты салынады
Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Атап айтқанда инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру сапасын арттыру, халықты жұмыспен қамту және басқа да маңызды бағыттардың қарқыны тексерілді.
Облыс аумағындағы қалаларда халық саны жыл сайын артуда. Сондықтан тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылды. Үкімет басшысына жаңадан салынатын газ өңдеу зауытының мүмкіндігі туралы баяндалды.
Абай Молбаев, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС құрылыс дирекциясы басшысының міндетін атқарушы:
- Зауыт әлемдік стандарттарға сәйкес салынады. Бүгінгі таңда барлық инженерлік-геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық және экологиялық зерттеулер аяқталды. Құрылыс 2025 жылы басталады. 2027 жылдың ақпан айында аяқталады.