Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы бітімгерлердің жағдайын тексерді
Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлік ротаға инспекция жасады. Қазір біздің 139 әскери қызметшіміз Фауар базасында қарулы тараптар арасында атысты тоқтату міндеттерін орындауда. Олар алты айден бері шекара маңындағы аудандарды күзетуде. 18 рет БҰҰ өкілдерін алып жүрген, сондай-ақ 13 рет жарылмаған оқ-дәрілерді залалсыздандыруға қатысыпты. Инспекциялық топ жауынгерлер қолданысындағы техника мен қару-жарақтың жарамдылығын тексерді. Сонымен қатар әскерилердің тұрғын үй-жайларын аралап, асхана және спорт қалашығының жағдайымен танысты.