Қазақстанда АЭС салу бойынша жаңа ақпараттық сайт жұмысын бастады
Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша ресми сайт жұмысын бастады. Халықтық штабтың жаңа аes2024.kz порталынан АЭС туралы толыққанды мәлімет оқуға болады. Сондай-ақ әлемдегі атом энергетикасының даму тарихы да бар. Яғни оның саны мен халықаралық тәжірибеден бастап, қауіпсіздік стандарттары және жаңа буын реакторларының ерекшеліктеріне дейінгі деректер қамтылған. Бүгін «AMANAT» партиясының TALQYLAU диалог алаңында Халықтық штабтың отырысы өтіп, пікірлер тыңдалды және сайт жұмысы таныстырылды. Талқылауда сала мамандары елімізде қазір де энергия тапшылығы барын айтты. Былтыр тұтынылған энергияның 2% көрші елден сатып алыппыз.