АЭС құрылысы электр энергиясы тапшылығын жояды
Елдің дамуы энергия қуатының деңгейін байланысты. Мамандардың айтуынша, қазірдің өзінде елімізде энергия тапшылығы бар. Алдағы 5 жылда оның көлемі сағатына 13 млрд киловатт жетуі мүмкін. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – атом электр станциясын салу. Себебі бір ғана АЭС күннен, желден және судан алатын қуаттан бірнеше есеге артық энергия өндіреді. Қазақстандағы атом энергетика саласының даму мүмкіндіктері қандай?
Қазақстанда қолданыстағы электр станцияларының 60%-і ескірген. Жыл өткен сайын олардың энергия өндіру көлемі де азая береді. Әрі қатты отынның қоршаған ортаға зияны орасан. Мысалы, тәулігіне 20 мың тонна көмір жаққанда ауаға 140 тоннаға дейін шаң-тозаң мен 200 тонна азот оксиді тарайды. Ал оны алмастыратын жаңартылған энергия көздерінің үлесі небәрі 6%.
Шығыс Қазақстандағы су электр станциясы бүгінде бүкіл республикаға донор болып отыр. Дегенмен оның салынғанына да 70 жыл болған.
Қорлан Бейбітова, жылу энергетика саласының докторанты:
- 347 өндірілген электр энергиясынан 307 мегаваты ғана оңтүстік облыстарға жіберілген. 540 Ақтоғай қосалқы станциясынан шығатын желі бойынша. Яғни бұл не деген сөз ол бүкіл біздің облыста өндірілген энергияның 90%-і оңтүстік облыстардың тұтыуын жабуға кетеді.
АЭС-тің бір ғана блогы 1500 мегаватт энергия өндіруге қауқарлы. Сондықтан атом энергетикасынан қорқуға себеп жоқ,- дейді жас физик Леонид Измайлов.
Леонид Измайлов, техникалық университеттің студенті:
- Біз әлі күнге Чернобыльдағы апатты еске аламыз. Содан радиофобия қалыптасып қалған. Бұл дұрыс емес. Қазіргі АЭС мүлде басқа. Жалпы атом энергетикасы - тиімді әрі таза энергия көзі. Соны халыққа қарапайым тілмен түсіндірген абзал.
Атом электр станциясы қалыпты жұмыс істеу үшін 2 мыңнан астам адам, соның ішінде 400-ге жуық жоғары білімді маман қажет. Егер Қазақстанда АЭС салынатын болса, онда ең озық технология қолданылады. Физика-математика ғылымдарының докторы Манарбек Қылышқанов: «3 және 3 плюс санатындағы реакторлардың қауіпсіздік жүйесі өте жоғары», - дейді.
Манарбек Қылышқанов, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:
- Энергетика министрлігінің және эксперттік қауымдастықтың мәліметтеріне сүйенсек, бұндай апат болудың ықтималдығы 10-ның минус 7 дәрежесінде оқиға болады екен жылына. Яғни 10 млн жылда бір апат болу ықтималдығы бар. Бұл өте төмен ықтималдық. Сондықтан қазіргі кездегі реакторларда тарихта болған бүкіл инциденттер ескеріліп, жобаға болдырмас үшін сәйкес өзгерістер енгізілген.
Бүгінде әлемнің 31 елінде 400-ден астам реактор жұмыс істеп тұр. Олардың көпшілігі АҚШ, Франция елдірінде орналасқан. Көршілес Қытай мемлекетінде 56 реактор бар, тағы 27 атом стансаның құрылысы жүріп жатыр.
Елдос Кәкенов, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин