Хабар телеарнасы

Елордада Атом саласы қызметкерлері күніне арналған фотокөрме ашылды

Қазақстанда 17 мыңнан астам адам атом энергетикасы саласында жұмыс істейді. Ертең олар атом өнеркәсібі қызметкерлері күнін атап өтеді. Осыған орай Астанада аталған тақырыпта фотосуреттер көрмесі өтті. Онда атом энергетика саласының жетістіктері, тарихы мен қазіргі жәй-күйі баяндалған. Ұйымдастырушылар көрмені әдейі ашық аспан астында өткізіп отырғандарын айтады. «Мақсатымыз – көпшілік елдегі атом өнеркәсібінің әлеуетін білсе», - дейді.

Айта кетейік, еліміздің аталған салада тәжірибесі мол. Мамандар да жеткілікті.

Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрлігі департамент директорының орынбасары:

- Қазақстанда 7 университет ядролық мамандық бойынша дайындайды. Екі дипломдық та оқыту бағдарламалары бар. Мысалы, Дубна университетімен. Ядролық физика және атом энергиясы жөнінде көптеген мамандар дайындалады. Мысалы, осы жылдың өзінде 2 мыңға жуық студенттер оқып жатыр.