Хабар телеарнасы

2030 жылға дейін 1,5 мың шақырым су арнасы цифрландырылады

Қазақстанда 2030 жылға дейін 1,5 мың шақырым су арнасы цифрландырылады. Мамандардың айтуынша автоматтандыру арқылы екі мәселе шешіледі. Біріншіден, суды басқару жеңілдейді. Кеңседе отырып қайда, қанша су қажеттігін білуге және сол бағытта жіберуге болады. Екіншіден, ақылды жүйе орынсыз шығынға жол бермейді. Су тасымалдау кезінде 20-30% үнемдеуге мүмкіндік туады.

Болат Бекнияз, ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі:
-Бүкіл халықаралық ұйымдарды, бизнес, бәрін осы жерге жинап жатырмыз. Өзіміздің жоспарымызды айтып береміз қандай өзгерістер болады. Сонымен бірігіп, тек бюджеттің қаржысын тартпай халықаралық ұйымдардың гранттарын және займдарын тартуға осы шара ұймдастырылып отыр.

Осы жиында белгілі болғанындай жақында Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық су ресурстарын бөлу туралы құжат бекітілуі мүмкін. Бұған дейін Орталық Азия елдері және Ресеймен тиісті шарттар жасалынған. Енді шығыстағы көршімізбен су бөлу бойынша келісім жобасы пысықталып жатыр. Мамандардың айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық 25 өзен бар. Соның ішінде екеуінің ғана ағын көлемі белгілі. Олардың бойында гидробекеттер де бар. Қазір қалған 23 өзенннің деректерін нақтылану үшін екі елдің мамандары бірлесіп жұмыс істеп жатыр.