Сенат төрағасы жетісулықтарды референдумға қатысуға шақырды
АЭС салуды қолдау жөніндегі халық штабының мүшелері қоғам қайраткерлері және еңбек ұжымдарымен кездесті. Жұртшылыққа алдағы науқанның маңыздылығын түсіндіріп, референдумға қатысты өзекті мәселелерді және энергетика саласын дамыту перспективаларын талқылады.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жалпыұлттық референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың жарқын көрінісі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің болашағына қатысты мәселелерге келген кезде, жалпы ұлтқа бір әсереін тигізетін қадамдарға барған кезде біз оны кабинетте отырып алып өзіміз қабылдамай, халықтың пікірін естіп, шешім қабылдауымыз керек деп айтқанын білесіздер. Сол себептен осыны халыққа айтуымыз керек. Халық қалай шешеді, солай болады.