АЭС – энергетикалық тәуелсіздік кепілі
Халық саны өскен сайын электр қуатына деген сұраныс арта береді. Ал АЭС құрылысы – энергетикалық тәуелсіздік кепілі, - дейді мамандар.
Ақтаудағы жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында атом электр станциясын салудың өзге де тиімді тұстары талқыланды. Олардың айтуынша, Қазақстан уран өндіруден әлемде 1-ші орында бола тұра сырттан энергия сатып алуы ақылға сыймайды.
Жанат Өжекенова, Каспий технологиялар және инжиниринг университеті «Энергетика және автоматтандыру» кафедрасының профессоры:
- Біздің республикамыз уран өндіруде бәрімізге белгілі бірінші орында екені және уранның қоры бойынша дүниежүзінде екінші орында. Яғни бүкіл уранның қорын қараған кезде 13%-і біздің Қазақстан Республикасында болып табылады. Енді неге сондай мүмкіндікті пайдаланбасқа? Егер атом электр станциясы салынатын болса, біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізер едік.