Референдумда 10 мың 325 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
84 учаскеде дауыс беру уақыты таңғы сағат 6-ға белгіленді. Бұл кәсіпорындардағы жұмыс ауысымы және әскери бөлімдердегі қызмет ерекшеліктерімен байланысты,- деп түсіндірді Орталық референдум комиссиясында.
Сондай-ақ демалыс үйлері, аурухана, шипажайлар, әскери бөлімдер мен уақытша ұстау абақтылары, сондай-ақ шалғай аудандарда тізімдегілер толық қамтылмаса, дауыс беру кешкі 20:00-ден кейін де жалғасуы мүмкін. Орталық референдум комиссиясында мәлімделгендей, 30 мемлекеттен 177 және 4 халықаралық ұйымнан байқаушылар келеді. 14 мемлекеттен 162 журналист қазіргі күні аккредитациядан өткен.