Абай облысының тұрғындары референдумда белсенділік танытып жатыр
Абай облысының тұрғындары АЭС салуға қатысты референдумда белсенділік танытып жатыр. Жалпы өңір бойынша 407 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы. Таңғы 7-ден бастап 474 референдум учаскесі жұмысын бастады.
Рүстем Қайратұлы, тілші:
- Дәл қазір біз Семейдегі нөмірі 84-ші дауыс беру учаскесінде тұрмыз. Таңмен таласа оянған халық ел игілігі үшін өз таңдауын жасап жатыр. Алғаш рет дауыс беріп жатқан қала тұрғыны Данара Асқарбекова қазір менің жанымда тұр. Ол күні кеше ғана 18 жасқа толған екен.
Данара Асқарбекова, Семей қаласының тұрғыны:
- Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін Семейде 13 байланыс орталығы жұмыс істейді. Барлық учаскеде мүгедектігі бар жандардың кедергісіз дауыс беруі үшін жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйде өз таңдауын жасау үшін бүгін сағат 12-ге дейін өтініш беріп үлгеруі шарт. Сонымен қатар инватакси тегін қызмет көрсетеді. Дауыс беру учаскелерінің барлығы аудио, видео құрылғылармен жабдықталған. Жалпы 474 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.