Өскеменде жылу бағасы көтерілді
Қарашаның бірінен бастап Өскеменде жылу бағасы көтерілді. Тұрғындар үш түрлі тариф бойынша төлейді. 100 шаршы метрге дейін - 88 теңгеден, 200 шаршы метрге дейін - 97 теңгеден белгіленген. Ең жоғарғы тариф әрі шаршы метр үшін - 137 теңге. Демек, пәтер немесе үй аумағы неғұрлым үлкен болса, иелеріне көбірек шығындануға тура келеді. Монополияға қарсы ведомство басшылығы тарифтың өсуін қолдап отыр. Өйткені, өңірде жылу желілері қызметкерлерінің жалақысы көтерілген.
Жұмагүл Мұсипова, табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы:
- Өтінім нәтижесі бойынша жұмысшылардың өндірістік персонал жұмысшыларының жалақысы 306 мың теңгеге яғни 26 пайызға өсті және де әкімшілік жұмысшылардың жалақысы 494 мың теңгеге яғни 22 процентке өсті.
Алла Фатеева, коммуналдық кәсіпорынның қаржы директоры:
- Соңғы екі –үш жылда жылу желілеріне қызмет көрсету саласында кәсіби білікті мамандар тапшы. Кадр тұрақсыздығы бүгінгі таңда 14,5 процентке жетті. Айына шамамен 80-100 бос жұмыс орыны байқалады.