Хабар телеарнасы

Атырау облысында 274 референдум учаскесі жұмыс істейді

Атырау облысында 6 қазан күні 274 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Жалпы облыста 412 мыңға жуық адам өз таңдауын жасауға құқылы. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың референдумға қатысуын қамтамасыз ету үшін сурдоаудармашылар мен инватакси қызметі қарастырылған. Облыста 12 мыңнан астам мұнайшы вахталық әдіспен жұмыс істейтіндіктен, Каспий қайраңына дауыс беру жәшігі ұшақпен жеткізіледі.

Азамат Айманақұмов, облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:

- 38 референдум комиссиялары белгіленген. Олардың тең жартысы жақын тұрған кеніштерге тасымалдау жәшіктерін арқылы апаратын болады. Каспий қайраңында орналасқан «Қашаған» кен орны бар. Ол жер қашық өте шалғайда орналасқан. Сондықтан да ол жерде дауыс беруді тікұшақ арқылы ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.