Хабар телеарнасы

АЭС өнеркәсіптің дамуына түрткі

АЭС салу туралы әңгіме 90 жылдардың соңы мен 2 мыңыншы жылдардың басынан бері көтеріліп келеді. Сондықтан ол жан-жақты зерттелген жоба.

2009 жылы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі болған қазіргі Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов сол кезде бірнеше елдің тәжірибесін көзбен көрдік, - дейді. Айталық, Чехияның атом электр станциялары сол аймақтың дамуына сеп болғанын айтады. Әсіресе өнеркәсіп өркендеген. Түркия да Ақкуюдегі АЭС құрылысына керекті заттардың 80%-ін өзі беріп отыр. Сондықтан біз де осы бастан инвесторға қазақстандық өнімдерді қолдану қажеттігі туралы міндет жүктеуіміз керек, - дейді депутат.

Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Құрылыс ертең басталып кетпейді ғой. Оған да дайындық жұмыстары менің ойымша, бір 3-4 жыл өтеді. Соның ішінде біз алдын ала біліп аламыз. Қанша металл керек екенін, қанша цемент керек екенін. Соны білгеннен кейін кіші және орта бизнесті дамытып, соларға деген тапсырма беріп, соны көрсетуіміз керек.