АЭС салу бойынша референдум қорытындысы белгілі болды
АЭС салу бойынша референдум қорытындысы белгілі болды. Оған сәйкес атом электр станциясы салынатын болды. Бұл туралы бүгін Орталық референдум комиссиясы мәлімдеді. Атап айтқанда, 6 қазанда өткен науқанда 7 миллион 820 мың 204 адам таңдау жасаған. Бұл дауыс беруге құқығы бар ел азаматтарының 63,66%. Нәтижесінде, бес миллионнан астам адам, яғни дауыс бергендердің 71,12% АЭС құрылысын жақтаған. Осылайша, Қазақстанда референдум өтті деп танылды.