Әйгілі Disneу «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмін қазақ тілінде шығарды
Киностудия туындылары қазақ тіліне 2011 жылдан бері аударылып келеді. Бұған дейін мемлекеттік тапсырыс не жеке қаржы есебінен дубляждалған. Ал «Ойжұмбақты» киностудия өз қаржысына аударды. Компания жылда əр фильмнің түрлі тілдердегі 30 шақты нұсқасын дайындайды. Бұл қатарға қазақ тілі де қосылды. Қызық мультфильмнің бас кейіпкерлері Санжар Мәдиев, Рүстем Жаныаманов, Луина сынды актерлардың дауысымен сөйлейді. Сондай-ақ студия «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» мультфильмдерін қазақ тіліне өз қаржысына аударады. Олар еліміздің кинотеатрларында күзде көрсетіле бастайды.
Құралай Өтепова, дубляж актёрі:
-Ұнады. Менің ұстазым «Дубляжды актер ғана жасайды» деп айтушы еді. Соны жұмыста көрдім. Қиындықтар болады деп ойладым. Алайда режиссер көмегімен өте жеңіл шықты.