Хабар телеарнасы

Дауыс беретін учаскелерде тәртіп қатал – Бас прокуратура

Барлық қазақстандықтар үшін референдумда дауыс беру уақыты кешкі сағат 8-де аяқталады. Дегенмен дауыс беруді бастау уақыты әртүрлі. Мәселен, әскери бөлімдерде стационарлық емдеу-профилактикалық мекемелерде, тергеу изоляторларында және уақытша ұстау мекемелерінде дауыс беру таңғы сағат 6-дан басталады. Ал еліміздің шетелдегі өкілдіктері жанындағы 108 учаскеде дауыс беру таңғы 6-дан басталады. Барлық азамат өз таңдауын жасаған болса, кешкі 8-ді күтпей-ақ дауыс беру аяқталғаны мәлімденеді.

Жалпы республикадағы барлық референдум учаскелері жұмысын таңғы сағат 7-ден бастап, кешкі 8-де аяқтайды. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтың айтуынша, дауыс беретін учаскелерде тәртіп қатал. Кейбір фактілер үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылады. Тіпті референдумға дайындық күнінен бастап 24 заң бұзу фактісі анықталыпты.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында бюллетеньдерді беру. Азаматтардың сайлаушылар құқығымен танысуын бұзу немесе дауыстарды санау басталғаннан кейін оларға өзгерістер енгізу. Референдумның қорытындысы жайлы іс-әрекеттерге әкімшілік жауап көзделген.