СҚО-да 591 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
Солтүстік Қазақстан облысында 400 мыңға жуық адам дауыс беруге құқылы. Өңірде 591 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Қазір біз Ғабит Мүсірепов атындағы балалар кітапханасындағы референдум учаскесінде тұрмыз. Өңірде 2 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелген. Олар учаскеге бара алмаған жағдайда өз таңдауын үйде жасайды.
Сағындық Рахымжан, облыстық референдум комиссиясының мүшесі:
- Біздің облыста республикалық референдумды әзірлеуді және өткізуді 606 референдум комиссиясы жүзеге асырады. Оның ішінде 15-і аумақтық рефрендум комиссиялары және 591-і учаскелік референдум комиссиялары. Жалпы азаматтардың тіркелген жері бойынша дауыс беретін учаскелердің саны – 578. Және 13 учаскеде азаматтардың уақытша болатын орны бойынша дауыс беру ұйымдастыралады.
Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 400 мыңға жуық адам таңдау жасауға құқылы. Ал тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары бір күнге тіркеуге қойып, дауыс беру мүмкіндігін береді.