Қазақстандықтардың жартысынан астамы өз таңдауын жасады. LIVE
Қазақстандықтардың жартысынан астамы өз таңдауын жасады. Нақтырақ айтсақ, ел тұрғындарының 51,77% бүгінгі референдумға қатысты. Бірақ бұл сағат 14:00-дегі ақпарат. Соңғы мәлімет шамамен 10 минуттан соң жаңартылады.
Сағат 14:00-дегі алдын ала деректер бойынша дауыс беруге құқылы 6 млн 339 мың 425 қазақстандық референдумға қатысқан. Көш басында Түркістан облысы. Күнгейдегі дауыс берушілердің 67,38% өз таңдауын жасапты. Одан кейін Шымкент қаласының тұрғындары белсенді. Онда халықтың 64% дауыс беріп үлгерген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Ал солтүстік аймақтардан Қостанай облысы алда келеді. Белсенділігі өте төмен қалалар да бар. Айталық, алматылықтардың тек 17% жуығы ғана референдум учаскелеріне келген.