Халық әртісі Роза Рымбаева референдумда таңдау жасады
Бүгін қазақстандықтар үшін тарихи күн.. АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысқан Халық әртісі Роза Рымбаева осындай пікірде. Әнші Алматыдағы №17 мектеп-интернатта орналасқан, №387 референдум учаскесіне барып, таңдауын жасады. Роза Рымбаева референдумның маңыздылығын атап өтті. «Әр адам өзінің азаматтық көзқарасын білдіруі тиіс»,- дейді Халық әртісі. Дауыс беру кешкі сегізге дейін жалғасады. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелеріне барып өз таңдауын жасай алады.
Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:
- «АЭС құрылысы бола ма, жоқ па» деген халықтың дауыс беруімен шешілетін үлкен сұрақ. Сондықтан мен Қазақстан азаматы ретінде өзімнің дауысымды бердім. Енді сіздерге де сондай тілек, міндетті түрде келіңіздер, өздеріңіздің дауыстарыңызды беріңіздер.