Хабар телеарнасы

Қызылордада Exit poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр

Қызылордада референдум учаскелері ашылған бойда Exit poll өкілдері де жұмысқа кірісті. Олар дауыс берушілермен тілдесіп, қандай таңдау жасағанын жазып алып жүр. Айта кетейік, Exit poll өкілдері референдум учаскелерінің тек сыртында ғана жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының қызметкері Сәуле Әбілдаеваның айтуынша, дауыс берушілердің берген жауабы құпия болады және әлеуметтік зерттеу мақсатында пайдаланылады. 

Сәуле Әбілдаева, Exit poll өкілі:

-Осы сауалнамада бір сұрағымыз бар. «Дауыс бере алдыңыз ба? Бере алсаңыз, онда қандай пікір білдірдіңіз? Қолдадыңыз ба, әлде қолдамадыңыз ба?» Жауапты беріп жатыр. Дегенмен әр адам әртүрлі ғой. Бірақ көбісі береді. Себебі осы таңда Exit poll дегенді халық білді. Бірнеше жылдан бері Exit poll қолданыста жүрген әдістеме.