Сарапшы: Халық таңдауы айқындалды
Энергетикалық тапшылық – қазіргі уақытта қолайсыздық тудырмаса да, жақын болашақта Қазақстан бетпе-бет келетін үлкен мәселелердің бірі.
Сондықтан күні кеше ел азаматтарының референдумда АЭС құрылысына қатысты таңдау жасауы – маңызды қадам. Сасясаттанушы Нұргелді Әбдіғаниұлы осылай дейді. Сарапшының сөзінше, референдумға дайындық 1 айға созылғанын ескерсек, халықтың 63%-нің дауыс беруі – жақсы көрсеткіш.
Нұргелді Әбдіғаниұлы, саясаттанушы:
- Осы жолғы АЭС құрылысы туралы референдумда Президент бір адамның айттым, болдым, үздім, шештім деген жоқ. Жалпы халықтық таңдауға салды. 1 ай бойы сарапшылар АЭС-ті жақтаушылар мен даттаушылар арасында қызу пікірталас жүрді. Нәтижесін біз осы кеше ғана өткен референдумнан көріп отырмыз.