Хабар телеарнасы

Қарқаралы ауданында дала өртін сөндіру кезінде тағы бір адамды күйік шалды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дала өртін сөндіру кезінде тағы адам зардап шекті. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Ол Шөптікөл ауылы маңындағы тілсіз жауды сөндіруге атсалысқан еріктілердің бірі екені анықталған. Қалған 4 азаматтың жағдайы тұрақты. Ал күні кеше бір өртсөндірушінің қаза тапқанын хабарладық. 33 жастағы аға өртсөндіруші Хайрат Хали азаматтық қорғаныс саласында 2014 жылдан бері еңбек еткен. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Еске салсақ, 6 қазанда Қарқаралы ауданында құрғақ шөп алқабы жанған. Желдің күштілігінен тілсіз жау Павлодар облысының Баянауыл ауданы аумағына өткен. Құтқарушылар Желтау елді мекенінің 18 тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. 

Берік Төлеубаев, травматология орталығының басшысы:

-Науқас жатқызылды. Денесінің 35% күйік шалған. Сонымен бізде 5 науқас жатыр. Оларға барлық емшаралар қолданып жатыр.