Хабар телеарнасы

Шымкентте жүк тасымалдайтын вагондардың рельстен шығуы жиіледі

Арнайы кәсіпорындар үшін салынған төрт темір жолда 6 вагон аударылған. Былтыр 14 кірме жолға зақым келді. Салдарынан жүздеген кәсіпкердің тауары уақытылы жеткізілмей қалған. Сонымен қатар жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты бекеттерде теміржолды пайдалану тарифі негізсіз өскені анықталды. Әрі Манкент стансасының басшылығы бос тұрған вагон үшін жүк жөлентушінің 800 мың теңгесін заңсыз иемденгені әшкере болды. 

Мақсат Рақыш, қалалық көлік прокурорының орынбасары:
- Жергілікті станса қызметкерлері кәсіпкерлерден станса жолдарында вагондардың тоқтап қалуы, жүкті беру, жинау, сақтау, пайдаланғаны үшін төлемақы және жүк жөнелтушілерден алушының кінәсі болмаған вагондар мен жүк жөнелткен кезде тарифті асыра пайдаланғаны үшін төлемдерді негізсіз есептеу арқылы кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру деректері анықталуда.