Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындықты бастады
Қазір барлық аймақта суару маусымы аяқталды. Енді Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындықты бастады. Еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберіле бастады. Шаруаларға шамамен 11,2 млрд текше метр су берілді.
Су тұтыну көлемі бойынша көш басында – Қызылорда облысы. Өңірдің дихандарына шамамен 3,7 млрд текше метр су берілді. Түркістан облысының шаруалары 3,4 млрд текше метр су алды. Жетісу облысының дихандарына 1,37 млрд текше метр су берілсе, Алматы облысының шаруалары 1,57 млрд текше метр су пайдаланды. Осылайша "Үкімет төтенше жағдай мен суармалы су тапшылығының алдын алды», - деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.