Хабар телеарнасы

Ұлытау облысындағы жүк пойыздарының соқтығысынан 4 адам зардап шекті

Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам зардап шекті. Оқиға 15 қазан күні «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жаман Айбат» кеніші маңында болған. 5 вагон мен тепловоз аударылды. Бүгін компанияның баспасөз қызметі жолды қалпына келтіру жұмыстары басталғанын және оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Ал жарақат алған адамдар Жезқазған қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Оның үшеуі дәрігерлер қарауынан соң, үйлеріне жіберілген. Бір жұмысшы ауруханаға жатқызылды. 

Шахрух Юлдашев, облыстық көпсалалы аурухана директорының орынбасары:

-38 жастағы еркек кісі. Нефрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Ол кісіде бас ми жарақаты. Шамамен 7-10 күн ем алады. Нерохурург дәрігерлердің бақылауында болады. Жағдайы бірқалыпты. Бүгінгі күнде өміріне қауіпті жағдай жоқ.