Хабар телеарнасы

Атырауда жылу беру маусымы бір аптаға кешігіп жатыр

Биыл күннің күрт суытуына байланысты перзентхана, балабақша, мектеп секілді әлеуметтік нысандарға 1 қазаннан, ал тұрғын үйлерге 8 қазанға дейін жылу берілуі тиіс еді. Алайда облыс орталығындағы көпқабатты 500-ден астам үйге жылу жеткен жоқ. Сондай-ақ қала ортасындағы 4 мыңға тарта тұрғыны бар көпқабатты 2 үйде ыстық және суық су тоқтап қалған.

Облыс орталығындағы 2 қөпқабатты үйде жылумен қатар ыстық және суық су жоқ. Тұрғындарды ашындырғаны осы. Онсыз да жаурап отырған халық қалалық құрылыс бөлімінің басшыларына тап берді.

Фариза Кәриева, қала тұрғыны:

- 4 бала бар үйде. Мынау жайлы элит класындағы үй болған соң біздер сатып алдық. 2 жыл болды тұрып жатқанымызға, 10 айдай мәселе осы сумен. Жылуды чатқа жазып жатыр. Талғат ол да судың қысымына байланысты ғой, - деп айтып жатыр

Әбужайық Сейсенғалиев, қала тұрғыны:

- Осы су жаздай бірнеше рет тоқтады. Жылу тағы солай, свет тағы болмай қалады. Сонда мына корпусты неге салды? Салған компаниядан жауапкершілік сұрауға болмай ма? Жылуды әлі берген жоқ. Осы түнде береміз деген. Жоқ. Мынадай болып жатқанда жылу бола ма?

Бүгіннен бастап Әбілқайыр хан көшесіндегі тұрғындардың мәселесін қалалық құрылыс бөлімі қадағалауға алатын болды. Алайда әкімдік өкілдері халықпен кездесуден және сұқбат беруден бас тартты.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Әлі күнге жылу жүйесіне қосыла алмай отырған 500-ден астам көпқабатты үй тұрғындарының арызын алып, біз қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мекемесіне келдік. Бірақ бұл арада қандай да түсінік беруден бас тартты. Тек телефон арқылы тілдескенімізде кешелі бері қосымша 200 көпқабатты үйге жылу берілді, - деді.

Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин