Хабар телеарнасы

Министрлік зейнетақы төлеміндегі өзгерістер туралы ақпаратты теріске шығарды

Мемлекеттік бюджеттен өтелетін зейнетақы төлемі жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келер жылы 1 қаңтардан төлем тәсілдері өзгеретінін де теріске шығарды. Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Еңбек өтіліне қарай базалық зейнетақы орнына 39 мыңнан 45 мың теңгеге дейін қосымша төлем туралы заң жобасы әзірленді» және «2025 жылы бұл жүйеде бірқатар өзгеріс болады», - деген ақпарат тараған еді. Бұл фейк болып шықты. Министрлік мәліметінше, Қазақстанда зейнетақы төлемдері базалық, бірлескен және жинақтаушы 3 бөліктен тұрады. Ол зейнетке шыққандарға тағайындалады. Сондықтан тек ресми ақпарат көздерін пайдалану қажет. Ал жалған хабарлама тарату заңмен жазаланады.