Хабар телеарнасы

Атыраудағы көпқабатты 516 үйге жылу берілді

Атырау қаласындағы 500-ден астам көпқабатты үй тұрғындарының жылусыз отырғанын айтқан едік. Бүгін облыс орталығындағы баспаналар жылу жүйесіне толықтай қосылды. Биыл күннің күрт суытуына байланысты перзентхана, балабақша, мектеп секілді әлеуметтік нысандарға 1 қазаннан, ал тұрғын үйлерге 8 қазанға дейін жылу беріле бастаған. Алайда қаладағы 1200-ге тарта көпқабатты тұрғын үйдің 516-на жылу бүгін берілді. 

Темірлан Байжанұлы, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

-Бүгінгі таңда жекелеген пәтерлердегі тұрғындардың арыз-шағымдары бар. Бұл негізінде бізде ауысым бойынша жұмыс істейтін арнайы 2 бригадалық тобымыз бар. Жекелеген үйлердің көбіне жоғарғы қабаттардағы су айналымы жүйесінің жақсарту мақсатында ауа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.