Құрық портындағы астық терминалының құрылысы аяқталды
Қазір қондырғылар сынақ өткізіп жатыр. Терминал арқылы жылына 1 млн тонна бидай тасымалдау жоспарланған.
Қытай мен Орталық Азиядан Еуропаға тасымалданатын жүктің 80%-і «Құрық порты» арқылы жөнелтіледі. Бұл – ең тиімді әрі қысқа жол саналады. Биылдың өзінде «Орта дәліз» бағыты бойынша 1,6 млн тонна жүк жөнелтілген. Солтүстік Қазақстан облысынан теміржол арқылы жеткізілген бидайдың алғашқы легі осы айда жөнелтілуі тиіс. Соңғы кезде автокөлік тасымалына деген сұраныс та артқан.
Бақыткерей Әлібеков «Құрық порты» ЖШС бас директорының орынбасары:
- Солтүстік пен Оңтүстік дәліздерге қарағанда, енді қазіргі геосаяси жағдайларға байланысты «Орта дәліздің» маңызы өте артып келе жатыр. Жылдан жылға мына көлік айналымы да өсіп келе жатыр бізде. Осы 2024 жылдың бүгінгі таңына келгенде қазіргі таңда 18 мың көлікті өңдеп, қабылдап жіберіп тастадық.