Хабар телеарнасы

ҚСЗИ-да мәслихат депутаттарының сайлауы туралы монографияның тұсаукесері өтті

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында 2023 жылғы мәслихат депутаттарының сайлауы туралы монографияның тұсаукесері өтті. Іс-шара мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына арналған. Ұжымдық еңбекте өткен сайлаудың негізгі аспектілері талданған. Мәселен, депутаттардың өкілеттігі мен жауапкершілігі кеңейтілген. Бірмандатты округтер бойынша тәуелсіз кандидаттарды ұсынуға болады. Сондай-ақ дауыс беру бюллетенінде «барлығына қарсымын» деген баған пайда болды.

Зерттеу көрсеткендей, бір орынға орта есеппен 3-тен 5 адамға дейін сайлауға түскен. Қазіргі мәслихат депутаттарының орташа жасы - 45-48 жас.

Алуа Жолдыбалина, ҚСЗИ директорының орынбасары

- Жалпы бұл жаңа сайлау ережелері мәслихат сайлауына жағымды әсер етті. Көптеген трендтер, әлеуметтік желілердің басымдығы, электронды технологияның басымдығы осы сайлауда көрініс тапты.