Саранда ондаған үй әлі жылусыз отыр
Қарағанды облысының Саран қаласындағы ондаған үй әлі жылусыз отыр. Тұрғындардың айтуынша, бөлмелердегі ауа температурасы 10-15 градустан асар емес. Батареялар салқын болғандықтан, жылу жүйесіндегі ауаны жиі шығаруға тура келеді. Қанжылым болғанымен, олар тез арада қайтадан суып кете береді. «Сондықтан бар мәселе үй ішіндегі жылу жүйесінен емес, қазандықтан туындап отыр», - дейді тұрғындар. Естеріңізге сала кетейік, жергілікті атқарушы билік жаңадан салынған орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу үшін қаладағы үйлерді ескі қазандықтардан ажыратқан болатын. Қазан айының басында автоматтандырылған жабдық істен шығып қалды. Сол себепті үйлерді қайтадан ескі қазандықтарға қосуға тура келді. Тұрғындардың қазан айындағы жылуға арналған төлемдері қайта есептеледі.
Ермағанбет Бөлекпаев, облыс әкімі:
-Мен қала тұрғындарының барлық наразылықтарын түсінемін. Сондықтан жағдай толығымен қайта қалпына келгеннен кейін біз міндетті түрде талдау жасаймыз және әрбір жауапты тұлғаға баға берілетін болады.