Хабар телеарнасы

Абай облысындағы Аққала ауылында әуежай салынады

Абай облысындағы Аққала ауылында әуежай салынады. Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Орны да белгіленген. Әуежайдың бой көтеруі өңір туризмін дамытуға серпін бермек. Әрі Тарбағатай, Көкпекті және Зайсан ауданының тұрғындары Семей, Өскемен, Алматы және Астана қалаларына ұшақпен қатынай алады. Жобаны жүзеге асыруға шамамен 4 млрд теңгеден астам қаржы қажет. Инвестор да табылған. 

Ерсін Ескендіров, Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы:

-Жыл соңына дейін әуежайдың жобалық-сметалық құжаты дайын болады деп есептеп отырмыз. Наурыз айына дейін экспертизадан шығару жоспарда бар. Біздегі мына елеке сазы бар қазір. Дора деген туристік орынымыз бар. Соның барлығына халықтың келуіне әуежай құрылысының септігі бар