Хабар телеарнасы

Талғарда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдіктіге іздеу жарияланды

Алматы облысының Полиция департаменті Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктіге іздеу жариялады. Талғар ауданы, Тереңқара ауылының тұрғыны Бекарыс Қалмырзаевқа зорлық жасады деген айып тағылған болатын. Полиция іздеуде жүрген күдіктіге қатысты қандайда бір ақпарат белгілі болған жағдайда 102 номеріне хабарласуды сұрайды. Аталған оқиғаға байланысты «Дабыл» жоспары енгізілді.

Меруерт Морякова, облыстық ПД ресми өкілі:

-Қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды. Сонымен қатар қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізілуде. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.